Біз туралы

«Бауырсақ» жекеменшік бөбекжай-бақшасының ғимараты Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылында орналасқан, 2 қабатты заман талабына сай жабдықталған, зәулім ғимарат. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартына сай жабдықталған. Бөбекжай-бақшасында «Жауқазын» ересек тобы (4-5 жас), «Бәйшешек» ортаңғы топ (3-4 жас), «Құлыншақ» кіші топ (2-3 жас), «Тәй-Тәй» аралас ерте жас тобы (1-2 жас) бар. Топтар (ойын, жатын бөлмелер) қажетті қызмет көрсетуге ыңғайлы және сапалы жабдықталған.

Сонымен қатар бөбекжай-бақшасында мәдени шаралар залы (онда дене шынықтыру сабағы мен хореография сағаттары өтеді), қазақи нақышта толық ағаш үй түрінде жабдықталған бейнелеу сабағы бөлмесі, әр-түрлі шараларға, мерекелік ертеңгіліктерге арналған костюмдер сақтайтын бөлме, психолог, әдіскер кабинеттері бар. Аспаз бөлмесі негізгі ғимараттан бөлек, 1 қабатты ғимаратта орналасқан.

Білікті педагогтеріміз заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін, тілдік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады.

Біздің мақсатымыз – балаларға бақытты балалық шақ сыйлап, әр баланың өз қабілетін ашуына мүмкіндік беру!
Сайттан бөбекжай-бақшамыздың қызметі, жаңалықтары, оқу-тәрбие жұмыстары, педагогтеріміз, тәрбиеленушілердің жетістіктері және ата-аналарға арналған пайдалы ақпараттармен таныса аласыздар.

Бала — біздің болашағымыз! Бірге тәрбиелеп, бірге дамытайық!